Құтқарушылар судан бір адамды аман алып шықты. Бортта қанша адам болғаны әлі белгісіз. Сондықтан қазіргі уақытта сүңгуірлер ұшақтағы болуы мүмкін басқа адамдарды іздестіруде.
Елдің авиация саласы өкілдерінің айтуынша, апатқа ұшыраған P-47 Thunderbolt ұшағы. Ол тағы екі ұшақпен бірге Нью-Йорк штатының Фармингдэйл қаласы әуежайынан ұшып шыққан. Ал екі ұшақ жерге аман-есен қонған.
Ұшақтың неліктен апатқа ұшырағанын құтқарушылар мен полицейлер айта алмай отыр.