CBS телеарнасының мәліметтері бойынша, Сан-Францискода кеме тоқтатылып, 3 мың жолаушыны жұқпалы және тез тарайтын аурудан қорғау бойынша қажетті шаралар жүргізілген. Әрі қарай лайнер белгіленген кестеге сәйкес, Калифорнияның Санта-Барбара қаласына қарай кетті. Атап өтейік, норовирус әлемдегі ең тез жұғатын вирус болып саналады. Жылдамдығы соншалық тіпті ғалымдар оны «вирустар арасындағы «Феррари» деп атаған. Оны жұқтырғандар сирек өлімге ұшырайды. Дегенмен ауру өте ауыр өтеді, адамның жүрегі айнып, диарея мен тұмаудың белгілері байқалады. Әзірге норовирус инфекциясынан емдеу тәсілдері жоқ. Бұл ауру өздігінен үшінші тәулікте жазылады. Дәрігерлер оны жұқтырған адамға бар болғаны жатып, сұйықтықты көбірек ішуге кеңес береді.
08:41, 09 Сәуір 2014
Америкада 40-қа жуық жолаушы кеме бортында норовирус дертін жұқтырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния жағалауына турға шыққан Американың Crown Princess круиздік лайнерінің бортында 40-қа жуық жолаушы норовирус дертін жұқтырды. Бұл туралы кемеге ие компанияның өкілдері хабарлаған, деп ақпараттандырды ИТАР-ТАСС.