Полицияның мәлімдеуінше, Дижан-Джонс есікті аяғымен сындырып, пәтерге кірген. Үй иесінің ескертуін баскетболшы елемегендіктен, ер адам қару қолданған.
23 жастағы спортшы ауруханаға жеткізілді. Алайда оны дәрігерлер құтқара алмады.
Дижан-Джонстың танысының айтуынша, баскетболшы сенбі күні Далласқа 1 жасқа толған қызының туған күніне барған. Қыздың анасы жуырда көшіп кеткен, ал жаңа пәтерді әкесі барып көрмегендіктен ол үйдің қабаттарын шатастырып алған.
Еске сала кетсек, оқыс оқиға болған, Техас штатының заңына сәйкес тұрғындарға өзін және пәтерін қорғау үшін үйге басып кіргендерге қару қолдануға рұқсат берілген.