Америкада қатты суықтан 46 адам үсіп өлді

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ аумағында қатты аязда 46 адам үсіп өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Аяз елдің басым бөлігінде болған және ол Канада маңындағы Ұлы көлден басталып, Мексика шекарасындағы Рио-Гранде өзеніне дейін барған.

Жексенбідегі жағдай бойынша 46 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 12 штатта тіркелді: Колорадо, Иллинойс, Канзас, Кентукки, Мичиган, Миссури, Небраска, Нью-Йорк, Огайо, Оклахома, Теннесси және Висконсин.

Нью-Йорк штаты Буффало қаласы ауданында мұз аралас бораннан 16 адам мерт болды.

«FlightAward» америкалық компаниясының мәліметінше, жексенбіде 3,3 мың ішкі және халықаралық рейс тоқтатылған, 11 мыңнан астам рейс шегерілген.

Фото: www.nbcnews.com