Америкада қазақ боксшыларының тәрбиесін жоғары бағалайды - Қанат Ислам

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен баспасөз мәслихатында WBO Intercontinental және WBAFedelation белбеулерінің иегері Қанат Ислам Қазақстаннан шыққан боксшылардың негізгі артықшылығын ашып берді.

Соның арқасында Қазақстанның талай бокшылары кәсіби бокстың шыңын бағындырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Латын Америкасының боксшылары болсын, басқа бокшылар болсын, тәртібі онша емес. Мәселен, олар жарыстан кейін арақ ішіп, темекі тартып жүре береді. Ал қазақ боксшыларында ондай жоқ. Бізде тәрбие басқаша, далада да, жаттығу залында да тәртіпті сақтаймыз, жаттықтырушылар әкеміздей болып кетеді. Сол тәртібіне бола, Америкада біздің боксшыларға сұраныс жоғары. Себебі тәртібі жақсы адам кез келген уақытта жетістікке жете алады. Сондықтан алдағы он жылда Қазақ елінің жігіттері бүкіл әлемдегі кәсіби бокстың биіктерін бағындыра алатындығына сенімдімін», - дейді «Қазақ».

Айта кетейік , Қанат Ислам Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы - АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд. Алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеп жатқан НВО арнасымен келісімшартқа отыруы әбден мүмкі н.
 Баспасөз мәслихаты барысында Қанат Ислам сын айтушыларға да жауап берді. Сондай-ақ «GGG-Канело» жекпе-жегіне болжам жасады .