The Wall Street Journal газетінің жазуына қарағанда, қауіпсіздік қапшығы жарылып кетеді, әрі тысының бөліктері салонға шашырайтын болып шықты. Сол арқылы жолаушылардың денсаулығына зақым келеді, кей жағдайда өлімге әкеліп соғады.
Көліктерді қайта жабдықтау туралы шешімді АҚШ-тың ұлттық жол қауіпсіздігі әкімшілігі (National Highway Traffic Safety Administration, NHTSA) өткен жұма күні қабылдаған, жапондық компанияның қауіпсіздік жабдығы орнатылған көліктердің кері шақырылғандарының жалпы саны 24 млн-ға жетті.
Бақылаушы органның шешімінің қатысы бар автомобильдер саны әлі де нақтылану үстінде.
Takata компаниясына қарсы АҚШ-та қылмыстық тергеу жүргізілуде, оған айыппұл салынған.