Полицейлердің айтуынша, қашқындар қаруланған, сол себепті қауіпті. Қылмыскерлердің тұрақтаған мекен-жайы туралы ақпаратқа 50 мың доллар сыйақы тағайындалған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінде, қашқындардың екеуі вьетнамдық қылмыстық топтың мүшесі екендігі, адам өлімі бойынша жазасын өтеп жатқандығы атап өтілген. Ал үшіншісі адам ұрлау және азаптау бойынша айыпталған.
Қашқындар камераларының жуан темір қоршауын арамен кесіп тастап сыртқа шығып, байланыс туннеліне өткен. Бұдан соң бес қабатты ғимараттың үстінен киімдері мен орамал тілігінен жасалған арқанмен жерге түскен.
Жергілікті полиция өкілінің мәлімдеуінше, округ түрмелерінде тұтқындардың қашып кетуі тек 20 жыл бұрын тіркеліпті.
Тергеушілер қашу үшін қылмыскерлер алдын ала мұқият дайындалған деп мәлімдеуде.