Сарапшылардың болжауынша, 2020 жылға қарай Құрама Штаттардағы көп жасайтындардың саны екі есеге артады, ал 2050 жылға қарай жүзден асқан тұрғындардың саны 256 мың адамнан кем болмайды.
19:50, 27 Сәуір 2011
Америкада ұзақ өмір сүретін адамдар көбейіп келеді
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Соңғы 20 жылда АҚШ-та жүз жасаған тұрғындардың саны артқан. Санақ бюросы хабарлағандай, қазіргі таңда АҚШ-та 100 және одан да көп жасаған 72 мың адам тұрады, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.