Америкада Зика безгегімен күрес кезінде миллиондаған ара қырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Оңтүстік Каролина штатының Досчестер округінде Зика безгегімен күрес үшін масаларды жоятын улы инсектицид ұшақпен себіле бастады. Алайда у масаларды ғана емес араларды да жойып жіберген, деп жазады The Washington Post газеті.

Саммервилль қаласында 46 омартадағы 2,5 миллион ара қырылып қалған.

Қазіргі ыстық кезде аралар бал жинау үшін омартасынан алысқа ұшып ктеді. Сондықтар омарташылар оларды қамауды ойламаған.

Қазір қала тұрғындарының бірі Change.org сайтында Naled атаулы пестицидті пайдалануды тоқтату жөнінде петицияға қол жинауды бастаған.