Алматы қалалық прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесе отырып, Грузия елінен Саят Ислямов есімді қазақстандық азаматты экстрадициялады.
Саят Ислямов Астана, Алматы, Қарағанды өңірлерінде аса ірі көлемде алаяқтық жасаған.
Тергеу нәтижесінде 8 адамның 250 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшасын алып кеткені анықталды. Бұл ақшаға ол Америкадан көлік жеткіземін деп сендірген. Уәдеге сеніп қалған тұрғындар полицияға арызданған. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Қазір ол уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.