Америкалық азамат лотереядан 410 миллион доллар ұтып алды

Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Миссури штатының анонимді Powerball ойыншысы 410 миллион доллар көлемінде қомақты қаржы ұтып алды, деп хабарлайды Kazinform Bild басылымына сілтеме жасап.

— Үйде уақыт өткізгенді, демалғанды ұнатамын. Кеше кір жудым. Ал бүгін миллионер, мультимиллионерге айналып шыға келдім, - деді қомақты сомаға ие болған азамат.  

410 миллион доллар — Миссури тарихындағы ең үлкен лотерея ұтысы. Ер адам ұтыс билетін 6 қыркүйекте Сент-Луистегі QuickTrip асханасынан сатып алған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Германия тұрғыны Eurojackpot лотереясынан 84,8 млн еуро ұтысқа ие болғанын жазған болатынбыз.