Америкалық компаниялар қыркүйекте 32 мың жұмыс орнын қысқартты
АСТАНА. KAZINFORM – ADP компаниялары жұмыспен қамту туралы ұлттық есебін жариялады, оған сәйкес америкалық шағын компаниялары қыркүйекте 32 мың жұмыс орнын қысқартқан, деп хабарлайды ADP.
Қыркүйек айында 50-ден аз қызметкері бар компаниялар ең көп зардап шекті. 20-дан 49-ға дейін қызметкері бар фирмалар 21 мың жұмыс орнын, ал 19-дан аз қызметкері бар фирмалар 19 мың жұмыс орнын жоғалтты.
50-ден 249-ға дейін қызметкері бар орта компаниялар 11 мың жұмыс орнын жоғалтты, ал 250-ден 499-ға дейін қызметкері бар ірі фирмалар 9 мың жұмысшысынан айырылды.
ADP есебіне сәйкес, 500-ден астам қызметкері бар ірі компаниялар ғана табысқа қол жеткізді.
ADP теріс көрсеткіш ішінара Еңбек статистикасы бюросының жақында қайта қаралған деректеріне байланысты екенін мәлімдеді, бірақ «үрдіс өзгерген жоқ: жұмыс орындарын құру көптеген секторларда баяулап жатыр».
ADP мәліметінше, жұмыс орындарының саны қысқарған салаларға құрылыс (-5 000), өңдеу өнеркәсібі (-2 000), сауда, көлік және коммуналдық шаруашылық (-7 000), қаржылық қызмет (-9 000), кәсіби және іскерлік қызметтер (-13 000), қонақүй бизнесі (-19 000) және басқа қызметтер (-16 000) кіреді.
Бірқатар секторлар өсім көрсетті: табиғи ресурстар мен тау-кен өнеркәсібі (+4 000), ақпарат (+ 3 000), білім беру және денсаулық сақтау қызметтері (+ 33 000).
ADP Ұлттық Жұмыспен қамту туралы есеп — бұл АҚШ-та 26 млн-нан астам қызметкердің жинақталған және анонимді жалақы мәліметтеріне негізделген жеке сектордың еңбек нарығына тәуелсіз, уақтылы зерттеу жүргізу.
Бұған дейін АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтататынын жазған болатынбыз.