Америкалық ковбойлар ерекше балаларға атқа мінуді үйретті

Фото: Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға Қазақстанға келген америкалық ковбойлар бір күнін ерекше балалармен бірге өткізді. 

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Ковбойлар Астана маңындағы «Қазақ үйі» шаруа қожалығында № 96 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім алатын оқушыларымен кездесті.

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі
Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Ковбойлар лассомен өнер көрсетіп, атқа міну дағдыларын үйретті, сөйтіп балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Шара барысында Мәдина Қуандық жүннен жасалған өнімдерді таныстырып, шеберлік сағатын өткізіп, қазақ өнерін қонақтарға түсіндірді.

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

«Осындай мәдени алмасу мүмкіндігін ұсынған қожалық иесіне шексіз алғыс айтамыз» дейді Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінен. 

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Еске сала кетейік, америкалық ковбойлар командасы 6 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға Қазақстанға келген еді.  

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Қазақтармен көкпар ойнап, 18:0 есебімен ұтылды

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі
Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі

Америкалық жазушы, журналист, көкпардан АҚШ құрамасының мүшесі Уилл Грант қазақстандық жылқылар туралы кітап жазатынын айтты. 

Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі
Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі
Фото: Қазақстандағы АҚШ елшілігі