Скейтбордингтен ерлер жарысында үшінші орын алған Найджа Хьюстон Instagram желісінде жарияланған видеода жеңісінен бірнеше күн өткен соң қола медалінің түсі өзгергенін айтты. Ол медальдың сапасы «сіз ойлағандай жоғары емес» екенін атап өтті. Оның айтуынша, қола тозған.
«Бұл Олимпиада медальдары жаңа болған кезде керемет көрінеді», - деді Хьюстон.
Ол камераны медальға жақындатып көрсетті.
«Олар біз ойлағандай сапалы емес сияқты... Олардың сапасын біршама жақсарту керек», - дейді спортшы.