Америкалық полиция Капитолийде бір қап кокаин тапты

Фото: Фото: Fox News

АСТАНА. KAZINFORM — Капитолий полициясы әкімшілік ғимаратының техникалық қабатында есірткі заты бар пакет тапты, деп жазады Fox News.

Капитолий ғимаратының екінші қабатының еденінен ақ ұнтақ заты бар сөмке табылды.

Күдікті зат табылған бөлме жиһаз және басқа керек-жарақтарды сақтау үшін пайдаланылған.

Полицейлердің айтуынша, бұл дәлізге әртүрлі мердігерлер мен қызметкерлер жиі келетін.

Полиция тергеуді бастады және ДНҚ талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.

Ұнтақты ақ зат Ақүйде кокаин тәркіленгеннен 10 айдан кейін табылып отыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 шілдесінде Ақүйдің батыс қанатынан ақ ұнтақ табылды.

Алғашында қызметкерлер эвакуацияланып, Ақүй кешені қауіпсіздік мақсатында жабылды.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі шақырылып, заттың қауіпті емес екенін анықтады. Кейін белгілі болғандай, ұнтақ кокаин болып шықты және оның Ақүйге кім кіргізгені мен өткізу әдісін тергеу әлі аяқталған жоқ.