Америкалық телекомпания Чарли Киркті өлтіру және Трамп жақтастары «бандасы» туралы сөз үшін шоуды эфирден алып тастады
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық ABC телекомпаниясы жүргізуші Джимми Киммелдің кешкі бағдарламасын эфирден алып тастады. Оған Трамптың жақтастары жастар консервативті қозғалысының қайраткері және Дональд Трамптың серіктесі Чарли Киркті өлтіру тақырыбын пайдаланып жатыр деген сөзі себеп болған, деп хабарлайды ВВС.
- Jimmy Kimmel Live бағдарламасы белгісіз уақытқа тоқтатылды, - деп мәлімдеді Disney корпорациясына тиесілі ABC компаниясының баспасөз қызметі.
Осы аптаның басында Джимми Киммел эфирде «MAGA бандысы», яғни Трамп жақтастары Киркті өлтіруден саяси ұпай жинауға тырысты деп мәлімдеді.
- MAGA бандысы Чарли Киркті өлтірген бұл жігітті кім болса ол болсын, бірақ олардың бірі емес ретінде көрсетуге тырысып отыр және олар саяси ұпай жинау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, - деді жүргізуші.
Бұдан басқа, ол Трамптың Киркті аза тұту үшін елдегі мемлекеттік ғимараттардағы туларды түсіру туралы бұйрығын сынап, Трамптың өзі туралы мазақ ететін пікірлер айтты.
Бұған дейін АҚШ саясаткері Чарли Кирктің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланғанын жазған болатынбыз.