Америкалық зерттеуші 1927 жылғы қазақ даласының сирек суреттерін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Гарвард университетінің Археология және этнология музейі 1927 жылы түсірілген қазақ даласының бірегей фотосуреттерін Kazinform агенттігіне ұсынды.
Фото: Пибоди музейі
Бұл сирек кадрлар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді.
Фото: Пибоди музейіФото: Пибоди музейі
Бұл фотожинақты кезінде Іле аймағына, қазіргі Қытайдың Шыңжаң провинциясына саяхат жасаған америкалық шығыстанушы әрі жазушы Оуэн Латтимор түсірген.