Америкалық 35,4 шақырымды 1 тонна кірпіш артылған қайықты сүйреткен күйі жүзіп өтті

ВАШИНГТОН. 9 тамыз. Америкалық спортшы Джим Драйер АҚШ пен Канаданың шекарасындағы Сент-Клэр көлінде 35,4 шақырымды 334 кірпіш салынған жалпы салмағы 1 тонна болатын екі кішкене қайықты сүйреткен күйі жүзіп өтті.

Акула деген лақап аты бар 49 жастағы Джим Драйер жүзуді Мичиган штатындағы Алгонак қаласында бастап, судан Детройт қаласында шықты. 30 сағатқа жоспарланған жүзу 51 сағатқа созылды. Спортшы еш көмексіз жеке өзі жүзді. Алайда оның сүйреп жүрген қайықтарының біріне жерсеріктік хабарлағыш орнатылған. Бірақ ол Драйердің сапарын бақылағысы келгендер үшін орнатылған.

"Бұл акцияның мақсаты - аз қамтылған адамдарға үй салумен айналысатын Habitat for Humanity қайырымдылық ұйымын жарнамалау" ,-дейді ол.