Америкалық автошабандоздың көлігі сағатына 530 км жылдамдықта жарылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Американың Нью-Гэмпшир штатында аса қуатты жарыс автокөлігі бәсеке кезінде оқиғаға соқтыра жаздады. Дрэг-рейсинг тарихындағы атақты автошабандоз Джон Форстың қызы басқарған машина сағатына 530 шақырым жылдамдықта жарылып кетті.

Daily Star басылымының мәліметінше, старттан кейін 28 жасар Кортни Форстың автокөлігі дірілдей бастап, аяқ астынан отты шарға айналған. Таңқаларлығы, аса ауыр жағдайда ол көлікті дұрыс басқарып, дрэгстерді тоқтата білді.

Кортни аман қалып қана қойған жоқ, қираған автомобильден өз бетімен шығып, апаттың ертеңінде болған ақтық жарыста екінші орынды иеленді.