Америкалық әйел сегіз «егізді» дүниеге әкелді
14:15, 27 Қаңтар 2009
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ тұрғыны сегіз нәресте туып, әлемде сегіз «егізді» дүниеге әкелген екінші ана атанып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Доктор Карен Мэйплстің айтуынша, кеше Лос-Анжелестің оңтүстігіндегі кішкентай қалашықта, Kaiser Permanante госпиталінде дүниеге келген нәрестелердің «жағдайлары қалыпты». Доктор Гарольд Генри журналистерге «алты қыз бала мен екі ұлдың салмақтары 800 грамм мен 1,5 киләнің аралығында» екенін хабарлаған. Бұған дейінгі сегіз «егіз» де осы АҚШ-та, Хьюстон қаласында 1998 жылы туылған болатын. Бірақ, олардың біреуі бір аптадан кейін шетінеп қалған. Қалған Ибьюк, Гором, Чиди, Чима есімді қыз балалар мен Икем және Джиок есімді ұл балалар 2008 жылдың желтоқсан айында алғашқы мерейтойлары ? 10 жасқа толуларын атап өтті.