Оқиғадан бес ай өткеннен кейін Ботрайт өзінің есімі Йонас Эк екенін айтуда, ол швед тілінде ғана сөйлейді, журналистермен аудармашы арқылы сөйлеседі.
61 жастағы ер адамды ес-түссіз жатқан күйінде 28 ақпанда Палм-Спрингс қонақүйінің бөлмесінде тапқан. Ботрайт ауруханада есін жинаған кезде, швед тілінде сөйлей бастаған және айнадан өзін-өзі танымай қалған.
Ботрайт сонымен қатар, кәсіби дағдысын да жоғалтқан. Ол соңғы төрт ай бойы ауруханада жатыр. Ер адам ағылшын тілін меңгере алмай отыр және өз достары мен туыстарынан ешкімді, соның ішінде бұрынғы екі әйелін де еске түсіре алмаған.