Ол Солтүстіккорейлік көшбасшы Ким Чен Ынмен кездескісі келтінін мәлімдеген.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрі америкалықты ұстағаны жайлы хабар таратпай отыр, алайда ел үкіметінің дереккөздері Рейтер агенттігіне сейсенбі күні кешке ер адамның ұсталып, жауап алынғанын хабарлаған.
Жексенбі күні Солтүстік Корея Жоғарғы соты АҚШ азаматын еңбек лагерінде жазасын өтей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. 24 жастағы Мэтью Миллер шекараны заңсыз кесіп өткендігі және тыңшылығы үшін айыпталды.
Пхеньянда атап өткендей, ол Пхеньян әуежайына келіп, өзінің туристік визасын жыртып тастаған және «адам құқығына қатысты мән-жайды өз көзімен көру үшін өмірін түрмеде өткізіп көргісі келетінін» мәлімдеген.
Сот Миллерге апелляцияға құқық бермеді.