Америкалық бапкер Головкинге шамасы жететін боксшыларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал америкалық бапкер Роберт Гарсия Геннадий Головкиннің спорттық жолында оны сүріндіруге шамасы жетеді деген боксшыларды атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен GGG-ды Хильберто [Рамирес] жеңе алады деп ойлаймын. Ол орта салмақтағы өте мықты боксшы. Өзіне тән керемет дағдылары мен стилі бар, сондай-ақ ол солақай. Егер ол екеуі айқасса, Рамирес басым түседі деп ойлаймын. Сонымен қатар, болашақта Канелоның да Головкинді жеңетініне сенімдімін. Олардың жекпе-жегі келесі жылы өтуі мүмкін. Кездесу болған жағдайда, Канело Головкинді жеңеді», - деді Гарсия Dontae's Boxing Nation-ге берген сұхбатында.