Америкалық басылым Геннадий Головкиннің 10 үздік нокаутын анықтады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport сайты орта салмақта WBA/IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ең үздік 10 нокаутын таңдады.

Айта кетейік, Головкин кәсіби бокста өткізген 28 кездесудің барлығында жеңіске жеткен болатын. Оның 25-і нокаутпен аяқталды.

BleacherReport сайтының пікірінше, Г.Головкиннің ең үздік он нокауты:

1. Мэтью Маклинге қарсы жекпе-жек - 3-раунд; 2. Кёртис Стивенске қарсы жекпе-жек - 8-раунд (техникалық нокаут); 3. Гжегож Проксаға қарсы жекпе-жек - 5-раунд (техникалық нокаут); 4. Лаюан Саймонға қарсы жекпе-жек - 1-раунд; 5. Нобухиро Исидаға қарсы жекпе-жек - 3-раунд; 6. Габриэль Росадоға қарсы жекпе-жек - 7-раунд (техникалық нокаут); 7. Милтон Нуньезге қарсы жекпе-жек - 1-раунд (техникалық нокаут); 8. Джон Андерсон Карвальоға қарсы жекпе-жек - 2-раунд; 9. Хавьер Альберто Маманиге қарсы жекпе-жек - 1-раунд (техникалық нокаут); 10. Сергей Хомицкийге қарсы жекпе-жек - 5-раунд (техникалық нокаут).