Америкалық боксшы «Канеломен» айқастағы Головкиннің тәсіліне талдау жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктік Control Kickboxing жекпе-жек клубының жаттықтырушысы Пол Прашант Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасы кезіндегі Геннадий Головкиннің соққы беру тәсілін егжей-тегжейлі талдап берді, деп хабарлайды Sports.kz .

Әңгіме «оң жақтан оверхэнд - оң қолмен тура соққы» тәсілі жөнінде болып отыр.

«Оң жақтан оверхэнд жасау - бокстағы ең қуатты соққылардың бірі. Ол тек жақсы орындауды ғана емес, сол қолмен байланысты да талап етеді. GGG бұрылып оң қолмен тура ұрып пәрменді соққы жасай алды. Сондықтан «Канело» үшін кезекті соққыны күту керектігі ұғынықты болды, оның қолғаптары бас жағын қорғай берген кезде орта тұсынан оң қолмен тура соққыға ашық болды», - деді Прашант.