Америкалық дипломат Шымбұлақ туралы ролик түсірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық димпломат Дональд Килбургг Шымбұлақ туралы бейне ролик түсірді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Достар, мен қазір Шымбұлақтамын. Бүгін күн райы тамаша. Шаңғы тебу сүйікті ісім. Қараңдаршы, айнала қандай әдемі», - деді ол.

Бейнеролик Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының парақшасында жарияланды.

Шымбұлақ кешені 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқы кезде бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (сырғанау сапасы бойынша) олардан артық. 

Соңғы жаңалықтар