Судьяларға жекпе-жекті бірінші раундта тоқтатуға тура келген. Қарсылыстар айқасты ақырындап бастап, кейін қатты соққы алмасқан және тепе-теңдікті сақтай алмаған. Митрионның соққысы жақ сүйегіне тисе, Емельяненко қарсыласының иығына соққы жіберді. Ресейлік спортшы есеңгіреп қалады. Осылайша, америкалық боксшы Емельяненконы техникалық нокаутпен жеңді.
Митрион бұған дейін Карл Семанутаф пен Оли Томпсонды жеңген болатын. Ал Емельяненко әлемге танымал Belator бәсекесіне алғаш рет қатысып отыр.