The Telegraph агенттігінің хабарлауынша, 25 жасар америкалыққа есірткіні тиісті адамға жеткізуі үшін Сан-Диего қаласының жанармай құю бекеттерінің бірінде ақша төлеген.
Осылайша ол есірткіні 2017 жылдың наурыз айынан бастап, 5-6 рет шекара асырған. Шекарашылар ұшқышсыз ұшатын аппаратты көрген соң, оның соңына түскен. Сөйтіп, дронға амфитамин салынғандығын анықтаған.
Күдікті шекарадан осындай тәсілмен барлығы 5,8 келі есірткі өткізген.