Эсминец Alnic MC танкерімен Сингапур портына кіре бергенде соқтығысты.
«Бастапқы дерек бойынша, «Джон Маккейн» әскери кемесінің артқы жағы зақымданды», - деп нақтылады АҚШ ӘТК жетінші флотының баспасөз қызметі. Қазіргі сәтте оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Операцияға жергілікті билік те қатысуда.
Айта кетерлігі, Alnic MC либериялық танкер, ол мұнай және химиялық өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылады. Оның сыйымдылығы шамамен 51 мың тонна. Әзірге зардап шеккендер мен оның қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі туралы ақпарат жоқ.