АҚШ-тың Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мамандары әзірге жолаушылардың қандай ауру жұқтырғанын нақты анықтай алмай отыр. Жалпы, кемеде барлығы 3050 жолаушы мен 1165 экипаж мүшесі бар. Дәрігерлер науқастарды жексенбі күні олар Сент-Томас аралына жеткен кезінде ғана тексеруден өткізе алады.
Осыдан сәл уақыт бұрын аталмыш кеме саяхатын тоқтатып, Флорида штатындағы Майами қаласының айлағына қайтуға мәжбүр болған еді. Онда да теңіз көлігінің жолаушылар жаппай норовирус ауруымен сырқаттанып қалған. Сол кезде кемедегі 2844 жолаушы мен команда мүшелерінен 70-ке жуық адам науқасқа шалдыққан болатын.