17:12, 08 Мамыр 2009
Америкалық футбол: КИМЭП студенттері «Сібір аюлары» командасы сынға түседі
БІШКЕК. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстан астанасында мамырдың 9-ында американдық футболдан халықаралық турнир басталмақ, оған Алматыдан қазақстандық «КИМЭП алыптары» командасы да қатысқалы отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Америкалық футболдан қарсылас-достар «Барыс» пен «Алыптардың» өзара дәстүрлі кездесуі Қазақстан мен Қырғызстан командалары арасындағы басты спорттық оқиға болмақ, көршілес екі республика арасында да сайыстың осы түрінің өз жанкүйерлері қатары көбейіп келеді. Дегенмен, осы жолы турнирге қатысуға Бішкекке Ресейдің Краснояр қаласынан «Орыс аюлары» командасы келе жатыр, олар ертең мамырдың 9-ында алматылықтармен кездесетін болады.