ВВС-дің жазуынша, жануардың ұзындығы бес метрге жуық және салмағы 2,5 тоннаға жақындаған. Динозавр тұмсығының көлемі үлкен болған, сондай-ақ мүйізі де өте ұзын екен. Мамандардың есебі бойынша динозаврдың бұл түрі Жерде шамамен 75 млн. жыл бұрын өмір сүрген.
«Насутоцератопс титус» деп атау алған бұл динозавр алып денесіне қарамастан батпақты жерді мекендеген шөпқоректі жануарлар қатарына жатқызылып отыр.