Маргарет Даффи басшылығымен ғалымдар зерттеу кезінде пайдаланушыларды екі топқа бөледі. Алғашқысы желіні достарымен, туыстарымен байланыс ұстау үшін ғана пайдаланды. Екіншісі - достары мен таныстарын бақылау үшін кірді. Facebook арқылы қаржы, мансап, отбасылық жағдайларын біліп, өздерінің өмірлерімен салыстырған. Бұл топтың қатысушысында күйзеліс белгілері анықталған.
Зерттеушілер күйзеліске таныстарының табыстары (шетелдегі демалыс, жаңа үй, жаңа көлік, той, жаңа достар) туралы хабарлама әкелгенін анықтады. Ғалымдардың пікірінше, салыстыру арқылы адамда қызғаныш сезімі пайда болып, өміріне деген қызығушылығы төмендеп, күйзеліске душар болуы мүмкін.