Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездесуге дайындалып жатыр. Жекпе-жек 23 сәуірде өтеді.
Геннадий Головкин үшін бұл кәсіби карьерасындағы 35 жекпе-жек болады. Доминик Уэйд 18 кездесудің 18-де жеңген, солардың 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады.
Головкин және Гонсалес 23 сәуірде Лос-Анджелесте бір бокс кеші аясында мүмкіндігін көрсетеді.