Компанияның вице-президенті чип орнату қызметкерлердің өз еркімен жүзеге асырылатынын мәлім етті. Оның айтуынша, қазір 80 қызметкердің 50-і осыған келісімін берген.
Бидайдың дәніндей чип шприц арқылы бас бармақ пен сұқ саусақ арасына тері астына енгізіледі. Қызметкерлерге бұл тегін жасалуы керек, алайда компания әр чипті орнатуға 300 доллардан төлейді.