Америкалық қызын селфиге арналған таяқшамен құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас тұрғыны Дерик Джонс өзінің 16 жастағы қызы Эринді селфи-таяқшасының көмегімен құтқарды.

Нантакет (Массачусетс штаты) аралында демалысы кезінде Джонс қызымен Атлант мұхитында жүзіп, барлығын штативке бекітілген GoPro камерасына түсірген. Бір кезде олар қатты ағысқа түсіп кетеді. Эрин суға батып бара жатқанда әкесі оған селфи-таяқшасын созып үлгеріп, жағалауға дейін жүзуге көмектескен, деп жазды Lenta.ru ABC News-ке сілтеме жасап.

Эриннің жағажайға өзі шыққаны, ал Дерикті қатты ағыстың жағалаудан алып кеткені аталып өтілді. Кейін оған судан шығуға демалып жатқан өзге адамдар мен құтқарушылар көмектескен. Оқыс оқиғадан кейін ес жиған Джонс бұл өз өміріндегі ең қорқыныштысы болғанын айтты.