Америкалық монстр-тракпен тарихи сальто жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монстр-трактың жүргізушісі Ли О Доннелл тарихи секіріс жасады. Оған сальто жасаудың сәті түсті және көлік аударылмай, төрт дөңгелекпен жерге түсті.

Спортшы осы трюкі арқылы Лас-Вегастағы Monster Jam жарысында жеңімпаз атанды.

Монстр-трак- өте үлкен доңғалақтары бар, жоғары қуатты моторы мен аспасы бар автомобиль.