Америкалық өрт сөндірушілер оттегімен демалу бетпердесінің көмегімен итті құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санта-Моника (Калифорния штаты) қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден итті алып шықты.

 20 минуттың ішінде құтқарушылар оттегімен демалу бетпердесінің көмегімен жануардың тынысын қалпына келтірді. Оқиғаның видеожазбасын   YouTube-арнасына  Mark Word пайдаланушы орналастырды.