«Маған оның іс-әрекеттері стилі, қалай соққы жасайтыны ұнайды. Мен онымен кездесіп, оның жаттығу лагерінде де болғанмын. Маған оның қандай жаттығу болса да ауырсынбайтыны, төзімділігі ұнайды. Оның жасы 36-да, соған қарамастан ол VADA-ның бағдарламасынан тыс қалғысы келмейді. Ал өзге боксшылар мәжбүрлемесең өз еркімен бұл бағдарламаға оңайлықпен қатыспайды. GGG алаяқтар жайлаған заманда таза қалпын сақтап қалды»,-деп жазад автор.
Айта кетейік, Головкин рингке келесі жылдың көтемінде шығады деген болжам бар. Ол өзінің соңғы кездесуін 15 қыркүйек күні өткізіп, рематчта мексикалық Сауль Альвареске жеңіліп, орта салмақтағы атақтарының барлығынан айырылған болатын.