Америкалық шаңғышы 45 метрлік биіктіктен құлап, тірі қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға АҚШ-тың Юта штатының таулы аймағында болған. Жас жігіт шаңғымен тау бөктерінен түсіп келе жатып, бағытынан ауытқып, шыңырауға құлаған.

Абырой болғанда, 45 метрдей биіктен ұшқан әуесқой-шаңғышы жерге аман-есен түскен, деп хабарлайды "Дни.ру". Жас жігіттің еш жері жарақаттанбаған.

- Мен мүлдем жарақат алмастан, тірі қалдым, жолым болды, - деп мойындады ол.

Страттон биік бөктердегі қардың жұмсақтығы мен артына іліп алған жолдорбасының көмегімен тірі қалдым деп есептейді.

Төмен түсіп бара жатқан сәтті оның шлеміндегі экшен-камера видеоға түсірген