Америкалық спортшы бір сағатта 3,7 млн доллар пайда тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы америкалық Стивенс US Open-ді жеңіп, бір сағаттың ішінде 3,7 млн доллар ұтты, деп жазады Лайф.

Ол Нью-Йорктегі Үлкен шлем турнирінің финалында отандасы Мэдисон Кизді 6:3, 6:0 есебімен еш қиындықсыз жеңді.

Кездесу небәрі бір сағат бір минутқа созылды. Соның өзінде Стивенс аз эйс жасады. Алайда ол Киз Слоан жіберілген қателіктерден турнирдің жүлде қорының  3 700 000 долларына ие болды.

Бір ай бұрын ғана Стивенс WTA рейтингінде жарақат алып, бір жыл көлемінде теннис алаңында бола алмағандықтан, 957-ші орында болса, қазір 83-ші орынға шықты.

Айта кетейік, спортшының Үлкен шлем турнирлері  мансабындағы ең алғашқы жеңісі.