Флорида полициясы болған жол апатының себептерін тексеріп жатыр. Спортшының адвокаты болса оның кінәсіздігін алға тартуда. Ол Винус Уильямс жол жүру ережелерін бұзған жоқ деп есептейді.
Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, Уильямс жүргізіп келе жатқан автомобиль көше қиылысында ішінде 78 жастағы Джер Барсон отырған басқа көлікпен соқтығысқан, машинаның рулінде оның жұбайы болған. Жол апатынан зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, ол көп ұзамай көз жұмды. Оның жұбайы да көптеген дене жарақаттарын алған, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ.
Айта кетейік, 37 жастағы Уильямс «Үлкен шлем» турнирлерінің жеті мәрте жеңімпазы. Төрт рет Олимпиада ойындарының алтын медалін ұтып алған.