деп хабарлайды РСН CNN телеарнасының дереккөздеріне сілтеме жасап.
«Усама бен Ладеннің үш әйелінен Пәкістан барлау қызметтерінің бақылауындағы Америка барлау қызметкерлері жауап алды», - деп мәлімет береді екі үкіметтегі дереккөздер.
Дереккөздердің сөзіне қарағанда, әйелдердің америкалықтарды «атуға оғы жоқ». Барлық үш әйелдiң атынан үлкен әйелі сөйледі, деп хабарлайды CNN әңгімелеушісі. Америкалық тергеушілердің әрбір әйелден жеке-жеке жауап алғысы бар, бірақ Пәкістан билігі әзірге оған рұқсат берген жоқ.
Бен Ладеннің бес әйелі және 20-ға жуық баласы бар. Жесірлердің ең жасы 29 жаста, ол америкалық әскерилердің рейді кезінде аяғынан жараланған болатын.