Америкалық тікұшақ Йеменде апатқа ұшырады
14:13, 26 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ қарулы күштерінің тікұшағы Йемен жағасында апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.
«АҚШ тікұшағы Black Hawk 25 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 7-лер шамасында ұшу-жаттығу жұмыстары кезінде Йеменнің оңтүстік жағалауынан 20 миляда (36 шақырым) апатқа ұшарады», - делінген хабарламада.
Бортта болған бес әскери қызметкерді америкалық құтқарушылар тауып алды. Тағы біреуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Апат бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.