НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың 175 жылдығына орай америкалық Humming House тобы «Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің әуенін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«2018 жылы бұл топ American Music Abroad бағдарламасының арқасында Қазақстанға, Абайдың туған жері - Семей қаласына келген болатын. Бұл олардың қазақ әнін бірінші рет орындауы емес. 2018 жылы Humming House тобы «Наурыз» әнінің кавер нұсқасын әннің авторы Айдос Сағатпен бірге жазған еді» делінген хабарламада.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.