Қара жұмысшылар ішінде маскүнемдердің саны көп болып шықты. Мамандардың есептеуінше, шахтерлардың 17,5%-ы алкогольді ішімдікті көп мөлшерде пайдаланады екен. Екінші орында құрылысшылар. Мұндағы көрсеткіш 16,5%, деп хабарлады Lenta.ru.
Үшінші орынға қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жұмыс істейтіндер орнықты. Бұл сала қызметкерлері есірткіні пайдалану бойынша көш бастады. Олардың 19%-ы тыйым салынған препараттарға әуес екен.
Менеджерлер де ішімдіктен гөрі есірткіні қалайды. 12%-дан астамы есірткіні, ал 10%-ға жуығы көп мөлшерле ішімдікті пайдаланады.
Денсаулық сақтау мен білім беру саласының қызметкерлері алкогольді пайдалану бойынша тізім соңында. Олардың 5%-ға тарта өкілі спиртті ішімдіктерді шамадан артық ішеді.