«Мен әрдайым „Канелоның" жанкүйері болғанмын. Бірақ ол GGG-мен биыл айқасуы тиіс», - деп жазды Уильямс твиттерде.
Қазіргі таңда боксшылар командасы кездесуді қыркүйекте өткізу туралы келіссөздер жүргізуде, алайда «Канело» бірінші өзінің отандасы кіші Хулио Сесар Чавесті (50-2-1, 32 КО) жеңуі қажет. Олардың айқасы 6 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.