Америкалықтар Усама бен Ладеннің жеке күнделігін тауып алды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚзаАқпарат - Усама бен Ладеннің көзін жою операциясы барысында америкалық әскерилердің қолына оның жеке жазбалары сақталған күнделік түсті.

Бұл туралы АҚШ-тың барлау қызметі төңірегіндегі дереккөзі хабарлады, дейді The Associated Press.

Порталдың жазуынша, Усама бен Ладен қойын дәптерге көбінесе «Әл-Каиданың» жаңа операциялары және оның жалпы тактикасы туралы түртіп отырған. «АҚШ-та лаңкестікті жалғастыра беру керек. Нью-Йоркті ғана емес, шағын қалаларды да нысанаға алып, пойыздар мен ұшақтарды жарып, америкалықтарды көбірек қыра түсу керек. Лаңкестік құрбандарының саны мыңдап саналып, 9/11 оқиғалар деңгейіне жеткен кезде ғана, Вашингтон араб әлеміндегі өз саясатын өзгертетін болады», - деп жазған көрінеді Усама бен Ладен.