Американ базасында сарбаз командирін атып өлтірді

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Американдық «Форт Брэгг» әскери базасында (Солтүстік Каролина штаты) атыс болды, салдарынан бір әскери қызметкер мерт болды.

Оқ жарақаттарын алған тағы екеуі госпитальға жеткізілді, деп хабарлады РБК.

Атысқа қатысқандардың барлығы 525-ші барлау бригадасының әскери қызметкерлері болып табылады. Қылмыстың картинасын жасап жатқан тергеушілерден мәлім болғандай, бөлімшеде нұсқама жүргізіліп жатқан кезде әскерилердің бірі қызметтестеріне қарай оқ жаудырып, батальон командирін өлтірді.

Одан кейін мерген өзін-өзі өлтірмекші болды, оның өз басына оқ атуы сәтсіздікпен аяқталды - ол жарақатпен госпитальға жеткізілді.

Оқиға салдарынан оқ жарақатын тағы бір сарбаз алғаны туралы мәліметтер бар. «Әзірге қылмысқа не түрткі болғаны туралы нақты ақпаратымыз жоқ. Қазіргі уақытта бөлімшенің қызметкерлерімен жұмыс істеп, олардан сұрастырудамыз», - деп хабарлады әскери базаның өкілі Кевин Арата. Ол сондай-ақ база командованиесі барлық зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету міндетін өз мойнына алғандығын атап өтті.

Тергеуге көмектесу үшін базаның қол астына Құрлықтағы әскерлер қылмыстық істерді тергеу командованиесінің тергеушілер жіберілді.