Американдық 2 триллион септиллион доллар талап етуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғыны қалаға, ұйымдар мен азаматтарға 2 ундециллион (2 және 36 нөлдерімен) доллар залалды өтеу жөнінде талап-шағым берді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Манхэттеннің 62 жастағы тұрғыны Антон Пурисима Манхэттеннің федералдық сотына Нью-Йорк қаласына, қаланың көлік жүйесіне, магазинге, екі жергілікті ауруханаға, ит иесіне және басқа да азаматтарға қарсы өзіне келтірілген залалды өтеу жөнінде өз қолымен жазылған шағым түсірді.

Басылымның нақтылауынша, мұндай сома тіпті Жер үстінен жинасаң да, табылмайды. Әлемдегі экономикасы ірі АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2013 жылы 17 триллион долларға жуық болды, әлемдік ІЖӨ - 75 триллионның төңірегінде.

Бұл ер адамның қойып отырған кінәсі әртүрлі - адам құқығының бұзылуынан бастап, өлтіруге әрекет жасауға дейін. Мысалға, Пурисима оның саусағын тістеп алған иттің иесін, сондай-ақ ауруханада оған дәрігерлік көмек көрсетіп жатқан кезде суретке түсіріп алған екі қытайлықты айыптайды.

Талап-шағым беруші өзінің шеккен зардабы мен күйзелісі ақшалай мөлшермен есептеуге жатпайды, деп санайды, сондықтан да баға жеткісіз. Ол сондай-ақ шағымға қанап қалған саусағының фотосуретін де тіркеген.